Соя туралы сөз қозғайық
Керемет ұсақ дән - соя біздің басты ингредиентіміз. Бұл Азиядағы 2000 жылдан астам уақытқа созылған күнделікті диетаның үлкен бір бөлігі. Бір қызығы - өсімдіктің мейрімі төгіліп тұр.
Біздің соя дәндеріміз ерекше, осыны білгенің дұрыс
Өсімдік протеинінің қуаты*
Соя сенің үйлесімді диетаңа сай келеді. Жоғары сапалы протеині, денсаулығыңа пайдасы зор аминқышқылдары және қаныққан майы бар.
*Протеин көзі. Протеин бұлшықетті өсіреді және қалпына сақтайды. Әртүрлі, үйлесімді диета, салауатты өмір салты денсаулықты сақтауға қажет.Тұрақтылық. Бізде соя бар!
Сояның көбі Еуропадан, қалғаны Канададан кемемен келеді. Оны тропикалық орманнан алмаймыз. Оның үстіне ол экологиялық таза Pro Terra сертификатына 100% ие. Соядан ләззат ал!
Соя топыраққа пайдалы!
Соя өзіне қажетті азотты ауадан алып, оны келесі астық үшін топырақта қалдырады. Сондықтан оған тыңайтқыш көп қажет емес. Тиімді емес пе?
Мысалы біздің сояны алайық. Біздің соя дәндерімізді планетаға және адамдарға, соның ішінде саған қамқорлық таныта отырып жұмыс істейтін сенімді фермерлерден аламыз.
Біз сояны жақсы көруімізге мынандай себептер бар:
Бірде-бір дәнді біз Amazon дүкенінен немесе басқа тропикалық орманнан алмаймыз.
Біздің барлық сояларымыздың құрамында ГМО жоқ
Біздің 100% органикалық дәндеріміз бен қалыпты дәндеріміздің көбі Еуропада (көбінесе Францияда) өсірілген
Қалғанын Канададан аламыз. Көміртек ізін азайту үшін біз өнімдерді Атлант мұхитынан қайықпен жөнелтеміз. Ұшақты пайдаланбаймыз + жақын қашықтық = CO2 төмен!
Сонымен қатар біз фермерлермен ауыл шаруашылығын жүргізудің керемет әдісін, мысалы тыңайтқышты азайту үшін азотты топырақ құрамында қалдыру үшін соя дәндерін ұрық ретінде пайдалану сияқты әдістерді іске асыру үшін жұмыс істейміз. Оған қоса біздің барлық дәндеріміз ұрығынан бастап бақылауда болады. Біздің жүйемізді, және әр соя дәнімізді Food Chain ID тәуелсіз ұйымы ProTerra стандартына сәйкес тексеріп сертификаттаған. Сояның дәмінен ләззат ал!
Иә! Біз әртүрлі ингредиенттері бар көптеген өсімдік негізіндегі өнімдерді ұсынамыз және жаңа өнімдік негізіндегі ингредиенттерді қосуға дайынбыз. Біздің бадам, орман жаңғағы, кокос, күріш және сұлы сусындарымыз сояға аллергиясы бар адамдар үшін қауіпсіз. Өнімдеріміздің түрлерін көру үшін біздің өнімдер бетімізге өтіңіз. Ең жаңа және толық ақпарат алу үшін қаптамалардағы ингредиент тізімдерін қараңыз. Alpro қаптамасында барлық ықтимал аллергендерді жазады.
Alpro кальцийге бай соя өнімдері тағамдық қасиеті жағынан сүт өнімдерінің баламасы, өйткені оның құрамында жоғары сапалы протеин бар. Alpro өнімдерінде лактоза мен сүт жоқ және біздің кальций мен витамин құрамы сүт өнімдерімен бірдей өнімдерімізді шайға, кофеге, қауызға және басқа да жақсы көретін таңамдарыңа қоса аласың. Оңай, шабыттандыратын және тәтті тағамдарды біздің рецептілер бетінен көре аласыз.
Жоқ. Біз дәндерді сояны көп жылдар бойы өсіріп жүрген, қалыпты ауыспалы егісті қамтамасыз ететін фермерлерден, әсіресе Франциядан аламыз. Бұл фермалардың ешқайсысы қалпына келтірілген немесе орманы шабылған жерлерде орналаспаған. Бұрынырақ біз дәндерімізді Бразилиядан алатынбыз, олар да тропикалық орманнан немесе шабылған орман аймақтарынан емес болатын және дәндерді қоршаған ортаға, адамдарға қамқорлық таныта отырып, шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдерін жауапкершілікпен пайдаланып өсіруді қамтамасыз ететін Бейзел критерийінде берілген мінез-құлық кодексіне қатаң сәйкестікте өсірілетін. Біз дәнді еккен сәттен бастап, ақырғы дайын өнім болғанынша бақылау үшін ашық нарықтан емес, тек тікелей байланыста болатын фермерлерден сатып аламыз.
Иә, Alpro соя өнімдеріндегі соя протиенінде барлық қажетті амин қышқылдары - протеиннің негізгі құрамы - жануар протеинімен салыстырғанда тиісті мөлшерде бар. Осындай маңызды амин қышқылдарын ағза өзі шығармайды, сондықтан оны пайдалы диетада отырып протеинді тұтыну арқылы толтыруға болады. Біздің соя өнімдеріміздің барлығы (сусындар, десерттер, өсімдік негізіндегі йогурт баламалары) күнделікті ағзаға қажетті протеиннің керемет көзі. Соя дәндерінде табиғи түрде протеиннің жоғары мөлшері бар.